БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Елмар Маммадияров халықаралық заң мен Қауіпсіздік Кеңесінің төрт қарары қақтығысқа қатысты заңды негіз құруға тиіс деді. Ол, сондай-ақ, Армения сыртқы істер министрі Вартан Осканяннің Қарабах мәселесі тек Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арқылы ғана шешілуі керек деген мәлімдемесін жоққа шығарды.