Accessibility links

Мьянма билігі демократия қолдаушыларын басып-жаншуын одан әрі жалғастыруда


Янгоннан келіп түскен хабарларға қарағанда, әскерилер түні бойы қалада рейд жүргізген. Ал таяудағы наразылық шарасын басқаруға көмектескен кейбір будда монахтары қаладан шығып кетуге әрекет жасап жатыр деп хабарланды. Өткен аптада Мьянма күштері наразылық танытушыларға жас ағызатын газ бен оқ атып, басып жаншыған болатын. Ал Мьянма әскери басшыларымен кездескен БҰҰ-ның арнаулы өкілі Ибрагим Гамбари жұма күні Қауіпсіздік Кеңесінде баяндама жасайды деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG