МӘСКЕУ: Мемлекеттің бақылауына қарайтын Ресейдің “Газпром” компаниясы Украинаның газға деген берешегі бойынша ресми Киевпен арадағы келіссөзін алдағы дүйсенбі күні жалғастыратынын мәлімдеді. “Газпром”-ның мәлімдемесі бойынша, газ монополисінің президенті А.Миллер мен Украинаның энергетика министрі Юрий Бойконың арасындағы келіссөз Мәскеуде өтеді. Киев пен Мәскеудің арасындағы “газ дауы” Еуропаны алаңдатып отыр. Бүгін Еуроодақтың өкілі хабарлағандай, Ю.Бойко Украина “газ дауын” 1-інші қарашаға дейін шешуге тырысады деп Еуроодақты сендірді.