Accessibility links

Пәкістан президенті П.Мушаррафтың екінші рет сайланатын мүмкіндігі бар


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның Жоғарғы Соты саяси оппозицияның президент сайлауын кейінге ысыруды сұраған өтінішін қанағаттандырмады. Бірақ судья президент П.Мушаррафтың екінші рет сайлануға деген құқының барлығы толық айқындалғанша, сайлаудың қорытындысын жариялауға болмайды деген Қаулы шығарды. Сенбі күні Пәкістанның федералдық парламенті мен аймақтық маслихаттарының дауыс беруі нәтижесінде П.Мушаррафтың екінші рет президент болып сайланатын мүмкіндігі бар. Сондай-ақ шетелде қуғында жүрген экс-премьер-министр Б.Бхутто алдағы парламент сайлауынан кейін билікті бөлісу туралы П.Мушаррафпен арадағы келісімін жариялауға тиіс.
XS
SM
MD
LG