ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістан президенті П.Мушарраф алдағы парламент сайлауынан кейін экс-премьер-министр Б.Бхуттомен арада билікті бөлісу туралы келісімге келуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Жарлық – Бхутто ханымның 8 жыл бұрын шетелге кетуіне мәжбүр еткен “жемқорлық” туралы айыптың күшін жойып, 1988-1999-ыншы жылдар аралығында Пәкістанда белсенді іс атқарған саясаткерлерге рақымшылық жариялайды. Пәкістан премьер-министрі Шауқат Әзиз үкімет мақұлдаған ұлттық бітімге жетелейтін ымыраға бұл келісім Пәкістандағы ұзақ жалғасқан саяси дағдарысты жояға тиіс деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV