Бүгін Иранның солтүстігінде орын алған жол апатынан кемінде 17 адам қаза болып, 21 кісі жарақат алды. Жергілікті ақпарат көздері ол үлкен апат Техраннан Каспий теңізіне бара жатқан жүк машинасының адам толы автобуспен соғылуынан болды деп жатыр. Иран әлемдегі жол қауіпсіздігі ең нашар елдер қатарына кіреді. Әрбір жыл сайын 26 мыңнан аса адам жол апатынан құрбан болады екен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV