Иранның сыртқы істер министрі Франция Евродақтан Иранға қарсы санкцияларды БҰҰ-ның шешімінсіз-ақ қолдана беруді талап етуде, алайда бұл заңсыз және Иран мемлекеті ядролық мақсатынан бас тартпайды деп атап көрсеткен. Иран мемлекеттік теледидарынан сөйлеген сөзінде Манучер Моттаки Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнердің Иранға қарсы экономикалық санкцияларға шақыруын негізсіз жазылған хат деп атады.