Еуропа Одағы сыртқы саясатының үйлестірушісі Хавиер Солана бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге тиіс. Хавиер Солана кеше Ашхабадта болды, Түркіменстан президенті Гурбанқұлы Бердімұхамедовпен кездесті. Олар түркімен газын Еуропаға жеткізу мақсатында Каспий теңізінің табынында құбыржол салу мүмкіншілігін талқылады. Түркіменстан президенті кездесуден кейін айтқан сипаттамасында Еуропаға газ шығаруға құштармыз, бірақ Транскаспий жобасын іске асыру екі талай деді.