Accessibility links

АҚШ пен Ресей БҰҰ-ның Косово жоспары бойынша келіспей жатыр


Құрама Штаттар мен Ресей БҰҰ-ның Косово жоспары төңірегінде бір мәмілеге келе алмай отыр. АҚШ елшісі Залмай Халилзад Косовоның келешек мәртебесі туралы кейінге қалдырсақ, бұл Сербияның провинциясында тұрақсыздық туғызады деп, келіссөз жүргізушілерді желтоқсанның 10-да кездесуге шақырды. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин келісім жасалғанға дейін келіссөз өткізуге шақырды. Оның айтуынша, егер келіссөздер келісімсіз аяқталып, Косово албандары біржақты тәуелсіздік жариялап жіберсе, оның соңы тұрақсыздыққа әкеледі. Құрама Штаттар, Ресей және Еуропа Одағының өкілдері арағайындық жасап, этникалық албандар мен Косовоның тәуелсіздігіне қарсы Сербия үкіметі арасында келісім жасауға тырысып келеді.
XS
SM
MD
LG