Accessibility links

АҚШ 2009-ыншы жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төраға болуын қолдамайды


Бұрынғы совет республикаларынан келген азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің адамның өлшемі тақырыбы бойынша 2 апта бойы жалғасқан жыл сайынғы мәжілісіне қатысты. Оның барысында аталған ұйымға мүше елдердің азаматтық қоғам орнату жөніндегі өздерінің міндеттемелерін қалай орындап жатқаны талқыланды. “Азаттық” Радиосының тілшісі Варшавадағы мәжіліске АҚШ делегациясын бастап барған елші Ричард Уильямске жолығып, осы жиынның қалай өткенін әңгімелеп беруді өтінген еді.

“АЗАТТЫҚ”: - Сіз азаматтық қоғамды дамытудың қайсыбір елдегі немесе аймақтағы айрықша, оқшаулау ағымын байқадыңыз ба?

Р.УИЛЬЯМСОН: – Оған күмән жоқ! Менің ойымша, Ресейдегі демократияға қарсы қозғалыс одан әрі жалғасты және азаматтық қоғам ұйымдарына деген қысым да тоқтайтын емес – ол қатты алаңдатады. “Үкіметтік емес ұйымдар туралы” жаңа заңның қабылдануынан бері қарай, оның орындалуы барысында және оған қоса экстремизмге және терроризмге қарсы заңдарды асыра қолданудың салдарынан Ресейде 2.300 үкіметтік емес ұйым жабылды. Олардың басым көпшілігі – азаматтық қоғам құруға және адамның құқын қорғауға деген ресми биліктің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізе алатын бейбіт ұйымдар болатын. Еуропадағы ең ақырғы диктатура болып табылатын Беларуссия – Еуропадағы ең соңғы диктатор ретінде қалып отыр. Орта Азияның кейбір бөлігінде де осындай құбылыс байқалады. Осылайша алаңдаушылық туғызған аймақтар баршылық. Менің ойымша, Еуропалық ұйымға мүше өзге мемлекеттер ілгері басуға, өзгеріске ұмтылады. Менің ойымша, оның нышанын біз Варшавада көрдік. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының түрлі іс-қимылы арқылы өзгерістерге деген ұмтылысты біз алдағы уақытта да көре береміз деп ойлаймын.

“АЗАТТЫҚ”: - Мәжілістің қорытынды отырысында Ресей жағы Варшавадағы мәжіліске орыс-чешен достығының қоғамын қосуға қарсы шығып, “өзінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы келешек қарым-қатынасын қайта қарауы мүмкін екенін” ескертті. Еуропалық ұйымға мүше елдер ондай ескертуге қалай қарады?

Р.УИЛЬЯМСОН: – Жақсы! Біздің Ресей Федерациясының өкілдерімен де, орыс-чешен достығының қоғамы өкілдерімен де екі жақты кездесу өткізетін мүмкіндігіміз болды. Менің ойымша, орыс-чешен достығы қоғамының жетекшілері Ресейді демократиялық институттары ілгері басқан ел ретінде көргісі келеді. Олар өздеріне қысым көрсетуге көнбейді. Олар осыған дейін де көнбеді және келешекте көне қояды деп ойламаймын. Оған қоса тағы бір маңызды жайт: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да Мәскеу жағынан шыққан ашу-ызаға толы айқайға көнбейді.

Р.УИЛЬЯМСОН: – Ресей Федерациясы “Хельсинки Келісіміне” және одан кейін де адамның құқына қатысты, құқықтық ережелер мен демократияға байланысты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қаншама міндеттемесіне қол қойды және “Хельсинки Келісіміне” сәйкес, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше барлық 56 мемлекеттің әрқайсысы басқа елдің өз міндеттемелерін орындағанын тексеруге құқылы және Еуропалық ұйымның бір мүшесі өзгесінен ұйымның стандарттарына лайық болуын талап ете алады. Ал егер Ресей Федерациясы сол стандарттарға лайық бола алмаса, біз оны айтуға міндеттіміз.

“АЗАТТЫҚ”: - Варшавадағы мәжілістің қорытынды мәлімдемесінде Қазақстан ішкі саяси оппозициясының “әлсіздігін” мойындады, бірақ сайлаудың нәтижесін қайта қарай алмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ресми Астана өзінің Орта Азиядағы жетекшілік рөлі жалғыз Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы демократияны алға жылжытады деген уәж айтып, 2009-ыншы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға “толық құқы барлығын” тағы да қайталады. Ондай уәжге қандай жауап айтылды?

Р.УИЛЬЯМСОН: – Жақсы! Біздің қазақ делегациясымен арадағы екі жақты кездесуімізде менің айтқаным және біздің тағы басқа жерде айтқанымыз мынау: Қазақстанның төраға міндетін атқаруға ұмтылуын біз қоштаймыз. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болатын ел оның стандарттарына лайық болуға тиіс. Ал Қазақстан – төраға міндетіне кірісуден бұрын сол стандарттарға лайық болу үшін, әрине, тиесілі жетістіктерге жетуге міндетті. Жалпы алғанда, біздің ойымызша, олардың мұндай ұмтылысы жақсы. Қазақстан өкілдерімен біз кездескенде де, басқалар кездескенде де, біздің айтқанымыз – Қазақстанның 2009-ыншы жылы төраға болуын Америка Құрама Штаттары қолдай алмайды. Өйткені, олар әлі көп жетістікке қол жеткізуге тиіс.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG