Қазақстан оппозициясы республиканың Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне түбегейлі қарсы емес, «бірақ, дәл қазір Қазақстан ол ұйымға төрағалық етуге пісіп-жетілген жоқ» дей отырып, олар Қазақстан басшылары алдына 2006 жылы айтылған шарттарын тағы да еске сап отыр. Қазақстан демократиялық қауымдастығы «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі 2009 жылы емес, 2011 жылы болсын, онда да, егер билік басындағылар осы шарттарды орындау бағытында нақты қадамдар жасайтын болса» дейді. Ал бұл шарттар 2006 жылы төртеу еді, қазір соңғы өзгерістерге байланысты бесеу болыпты. Ол туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Әміржан Қосанов былай дейді:
«Қазақстанда қазір митингілерге, шерулерге шығу мәселесі қиын. Яғни, Конституцияда жазылғанымен, іс жүзінде ол іске асуы мүмкін емес. Соны шешу. Екінші мәселе, ақпаратты алу, еркін тарату мәселесін неғұрлым либералдық алаңға шығару. Үшінші – ЕҚЫҰ-ның, кезінде сайлау заңнамасына байланысты айтқан ұсыныстарын заңнамаға енгізу. Ол сайлаудың ашық, әділ өтуіне өз септігін тигізуі керек».
Ал тағы екі шарт жайында партия көсемі Жармахан Тұяқбай айтты:
«Ол – бүгінгі күні көптеген қоғамдық ұйымдарды, партияларды, егер де ол билікке сәл де болса сын айтатын болса, оны тіркемеу үрдісін тоқтатып, соларды еркін тіркеу бағытында заңдарға өзгерістер енгізу. Бесінші шартымыз – ол мынау, көптеген саяси астары бар қылмыстық істерді, саяси астары бар қудалауларды тоқтатып, сол бойынша жазаланған адамдарды жазасынан босатып, осындай ұсыныстарды үкіметке енгізіп, осы бағыттағы тиісті демократиялық реформаларды іске асыратын болса, онда Қазақстан үшін 2011 жылы ЕҚЫҰ-на басшылық етуге мүмкіншілік бар деген ұсыныс жасап отырмыз».
Оппозиция жетекшілері жоғарыда аталған бес шартпен қоса, билік алдына тағы бір талап қойып отыр. Ол жайлы Әміржан Қосанов былай дейді:
«Ең бастысы, біздің қазіргі таңда өзіміздің қабылдап отырған шартымыз, жан-жағынан заңсыз деп табылған соңғы парламенттік сайлауды келесі жылы қайта өткізіп, Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы өз беделін қалпына келтіру».
Міне, «құласаң - нардан құла» дегендей, Қазақстан оппозициясы биліктен осындай шарттардың орындалуын талап етіп отыр. Саяси сарапшылар «оппозицияның мұндай талаптарын билік орындамайды, ал оппозиция болса, мұндай талаптарының орындалмайтынын білсе де, халықаралық қауымдастық алдындағы өз абройын сақтап қалғысы кеп отыр» деген ой айтады.
Айта кетерлігі, «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық мәселесі бүкіл батыстың да басын ауыртып отыр» дейді қазақстандық адам құқықтарын қорғаушы Евгений Жовтис.
«Олар (батыстағылар) Қазақстанның төрағалық етуге дәл қазір лайық емес екенін біле тұрса да, алдағы уақытта геосаяси векторының бағытын Қазақстан Қытай жаққа бұрып кетпеуі үшін төрағалық мәртебесін беру керек сияқты таңдау алдында тұр», - дейді Жовтис.
Осыларды қортындылағандай, Қазақстан коммунистерінің төрағасы Серікболсын Әбділдин «қазір саясаттың өзі сауда нысанына айналып кетті ғой» деген ой білдірді.