Ресей президенті Владимир Путин Ирандағы алғашқы атом электростанциясының ашылуына байланысты нақты күнді белгілеуден бас тартты. Бушердегі атом электростанциясы Ресей тарапынан құрылуда. Теһранда Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен өткізген келіссөздерінен кейін Путин жобаға байланысты келісім-шарттың кей баптарын қайта қарап шығу керек деді. Бірақ Мәскеу бұл жобаны аяқтау туралы міндеттемесінен бас тартпайды деді Путин.