Accessibility links

АҚШ Өкілдер Палатасында армяндарға қатысты қарарға қолдау азайып отыр


Бірінші Дүниежүзілік Соғысында армяндардың жаппай өлтірілуін “геноцид” деп сипаттау жөніндегі қарарға АҚШ Өкілдер Палатасында қолдау азайып отыр. Хабарларға қарағанда, Демократиялық партияның көптеген заңшығарушылары міндетті емес бұл қарарға қолдау танытудан бас тартқан. Олардың айтуынша, аталған қарар АҚШ-тың НАТО одақтасы болып табылатын Түркиямен арадағы қарым-қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін. Президент Джордж Буш заңшығарушыларды бұл мәселе жөнінде дауыс бермеуге шақырды. Өткен аптада оны конгрес комитеті мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG