Accessibility links

Каспийдің заңдық мәртебесі анықталмады


Каспий теңізі маңындағы бес елдің басшысы өздерінің Ирандағы саммитін аяқтады. Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан президенттері Каспийдің заңдық мәртебесі жөніндегі мәселені шеше алмаған 15 бөлімнен тұратын біріккен декларация қабылдады. Сөйтіп, энергия көзіне бай Каспий теңізінің заңдық мәртебесі анықталмай қалды, енді бұл ел жетекшілері алдағы жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде қайтадан кездесетін болады.

Каспий теңізі жағалауындағы бес елдің президенті Ирандағы саммитке су мәселесін ақыры шешетін болдық деп келген. Ондағы күн тәртібінде- Каспий теңізінің заңдық мәртебесін анықтау мен теңіз түбіндегі энегия қорын қалай пайдалану мәселелері болды. Олар өздерінің бүгінгі Техрандағы саммиттерінің соңында жасалған декларацияларында, тек жақынырақ ынтымақтастық құруға, бірақ статусқа қатысты мәселелерді келешектегі талқылауларға қалдыруға келісті. Саммитке қатысушылар сонымен қатар, Каспийдің жаңа заңдық мәртебесін анықтағанша, біржақты әрекеттер жасамауға уағдаласты.

Каспий теңізінің заңдық статусы туралы мәселе 1991 жылы Совет Одағы құлап, теңіздің жағалауында бұрынғыдай екі ел ғана емес, бес ел пайда болған соң, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан елдері арасындағы байланыстарды ушықтырып келеді. Қандайда бір жаңа келісім болмағандықтан, барлық байланыс-ынтымақтастық жағдайлары 1921 және 1940 жылдары қол қойылған келісім негізінде жүріп келеді.

Мұнда негізгі мәселе Каспийді не теңіз, не көл ретінде белгілеу. Егер ол теңіз болса, жағалаудағы үлкен елдердің үлесі көбірек болып, бақылауды сол ел алады. Ондай келісім бойынша, Қазақстан Каспий теңізінің жағалауын ұзағырақ алып жатқаны үшін ғана емес, мұнай кенішіне бай Қашаған және басқа да пайдалы қазбалар осы аймақтық судың бойында қалуы мүмкін. Мұндағы Қашағанның өзі соңғы он жылдықтарда ашылған үлкен мұнай кеніші болып отыр. Егер Каспий теңіз ретінде бекітілетін болса, оның оңтүстігіндегі энергия қоры азғантай жерде қалатын Иран көп ұтылады. Сондықтан, Техранның оның көл ретінде анықталғанын қалап отырғанына таң қалуға болмайды.

Онда Иран талап етіп отырғандай, жағалаудағы барлық ел Каспийдің байлығын теңдей бөліседі. Оның соңы мулти миллиардтық Қашаған мұнай кенішінің байлығы бес елге түгелдей бөлініп кетуі мүмкін.

Бұл жерде Мәскеу әдеттегідей оның Каспий теңізі болып қалғанын қолдайды, оған себеп Ресей Қазақстаннан кейін теңіздің ең үлкен аймағын иеленіп отырғаннан емес, Қазақстан аймағындағы Каспий жағалауындағы ресейлік компаниялар белсенді жұмыс жасауынан қолдайды. Десе де, бүгінгі саммитте бұл мәселелер көтеріліп, тараптар бір мәмілеге келе алмаған соң, Ресей президенті Владимир Путин былай деген:

“Каспий теңізнің кеңістігі мемлекеттердің шекарасы, аймағы немесе жекелеген зоналар бойынша қаралмауы керек. Аз жерді олар алады және көп су мен оның беті Каспий елдерінің ортақ пайдалануы үшін қалады, сол дұрысырақ”.

Ресей президентінің бұл айтқандары Мәскеудің әрбір ел келесі бір елдің аймақтық суымен шектесетін ортада емес шектеулі су аймағын созғанда жағалаудан аздаған шақырым ғана болғанын қалайтынын білдірді.

Сонымен қатар, бүгінгі саммитте Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов те сөз алып, Каспий теңізі турасындағы Ашхабаттың ұстанымын білдірді:

“Түркіменстан әрдайым Каспий теңізі елдерінің заңдық мүддесі мен басты құқықтарын қамтамасыз ететін әрі түсіністік танытып халықаралық заңдар негізінде өзара тиімді шешімдер қабылдайтын жолдарды қарастыратын болады”.

Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин Каспийлік көршілерінде жасалатын үлкен жобаларға қатысты айтқанында, өз елінің мүддесін де алға тартты:

“Мен жобалар Каспий теңізінің экологиялық ортасына зиян келтірмеуі керек деп білемін. Каспиилік бес елдің міндетті алдын ала талқылауынсыз жобалар жүзеге асырылмауы керек әрі Каспий теңізінің ортақ мүддесі бойынша бірауызды шешім қабылдануы тиіс”.

Путиннің бұл айтқандары Каспийдің шығысындағы елдері Қазақстан мен Түркіменстаннан Әзірбайжанға және келешекте батысқа мұнай мен табиғи газ тасымалдайтын транс-каспиилік құбыр жолына қатысты келіссөздерге бағытталып айтылғаны мәлім. Ондай жобаларды шетелдік компаниялар қолдап отыр. Сонымен қатар, Путин Ирандағы бұл саммитте Каспий аймағына сыртқы ықпал болмауы керек деді, яғни Каспий елдері өз жерлерін басқа бір үшінші елге әскери операциялар үшін ұсынбауы керек деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG