Пәкістанның бұрынғы бас министрі, негізгі оппозициялық партияның төрайымы Беназир Бхутто экстремистер тарабынан қандай шабуыл жасалып тұрса да, парламент сайлауына қатысамын, артқа қайтпаймын деп мәлімдеді. Беназир Бхутто сегіз жыл қуғында жүрген соң, бейсенбі күні еліне, Қарачи қаласына оралды. Алайда оны қарсы алған қалың жұрттың ішінде бомба жарылды, 130-дан астам адам қаза тапты, жүздеген адам жарақат алды. Беназир Бхутто шабуылдар қаупіне қарамастан партиямыз қаңтар айында парламент сайлауына қатысады деді. Беназир Бхутто шабуылды елдің бұрынғы әскери басшысы Мұхамед Зия Уль Хактың жақтастары жасады деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?