"İс жүзінде 2006 жылы ақпан айының басында Қазақстан президенті Австрияда демалып жатқан кезде белгілі қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге Австрия территориясынан бұйрық берілген болатын" деп мәлімдеді Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы, қазір Қазақстан тарабынан «Нұрбанк» басшыларының ұрлануына, қылмыстық топтар құруға қатысы бар деген айып тағылып отырған Рахат Әлиев «Азаттық» радиосына арнайы берген сұхбатында. Осы және басқа да Қазақстандағы жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты кейбір құпия деректерді Рахат Әлиев «Азаттық» радиосына берген сұхбатынан таныс боласыздар.