Бірлескен АҚШ-Ауған әскери базасында орын алған жанкештілік жарылыстан 4 ауған сарбазы мен бір қарапайым азамат қаза тапты. Ресмилердің айтуынша, Ауғанстанның Пактика өлкесіндегі базаның кіре берісінде әскери киім киген жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Сенбі күні болған бұл шабуылдан сондай-ақ 6 ауған азаматы жарақат алған.