Accessibility links

МАГАТЭ-нің Бас директоры АҚШ-тың Иранға күш көрсетуіне қарсы


ВАШИНГТОН: Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры М.Әл-Баради өзінің қолында Иранның ядролық қару жасап жатқаны туралы ешқандай айғақ-деректің жоқтығын мәлімдейді. Си-Эн-Эн телекомпаниясына берген сұхбатында Әл-Баради “дәл қазір ядролық қару бағдарламасын нақты жүзеге асырып жатқаны туралы ешқандай ақпаратты алмағанын” мәлімдеді. Сонымен қатар МАГАТЭ-нің басшысы атап көрсеткендей, халықаралық қауымдастық теке-тірестен бас тартып, Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын шешудің дипломатиялық жолын қарастыруға тиіс. Ресми Теһранды уран шикізатын байытудан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатымен өткен бейсенбі күні Вашингтон Иранның 20-дан астам компаниясы мен банкісіне және қорғаныс министрлігінің өкілдеріне қарсы жаңа шектеу қоятынын жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG