Accessibility links

Израильдің Бас прокуроры 1.5 млн. Палестина халқының тағдырына араша түсті


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильдің Бас прокуроры Менахем Мазуз үкіметті Газа аймағына берілетін электр қуатын шектемеуге шақырды. Прокурор Газаға жалпы жаза қолдануға қарсы емес, бірақ Газаны электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін мұқият қарауға шақырады. Өйткені, әңгіме 1.5 млн. Палестина халқының тағдыры жөнінде болып отыр. Өткен жексенбі күні Израиль Газадан өзінің территориясын зымырандармен тоқтаусыз атқылауына қарсы осы аймаққа берілетін электр қуатын күрт шектеген болатын.
XS
SM
MD
LG