Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер мен НАТО күштерінің арасындағы шайқастар қыза түсті


КАБУЛ: Өткен тәуліктің ішінде Ауғанстанның оңтүстігі мен батысында жалғасқан шайқастардың барысында кем дегенде 60 адамның, негізінен тәліптердің көзі жойылды. Ауғанстанның батысындағы Фарах облысының әкімшілік орталығы болып табылатын Гүлистан қаласына 100-деген тәліп шабуыл жасады. Шайқастың нәтижесінде жергілікті полиция қаланы тастап шықты. Полиция мен жергілікті тұрғындардың ішінде адам шығыны бар. Оңтүстіктегі Кандагар облысында НАТО күштері мен ауған армиясы тәліптердің шебіне соққы беріп, әзірше 20-дан астам тәліптің көзін жойды.
XS
SM
MD
LG