Accessibility links

Ирақтағы АҚШ-тың күзет компанияларының құқы күрт шектелуі мүмкін


ВАШИНГТОН: Пентагон мен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ирақтағы жеке-меншікті қауіпсіздік компанияларына қатысты заңды қатаңдатуға келісті. Өткен айда Американың жеке-меншікті “Блэкуотер” компаниясы Ирақтың 17 тұрғынын атып өлтірген болатын. Соған байланысты Ирақ үкіметі шетелдік күзет компанияларын соттың қудалауынан қорғайтын иммуниттен айыру туралы заң жобасын бекітті. Үкіметтің ресми өкілі мәлімдегендей, ондай компаниялардың қызметкерлері Ирақтың заңдарына бағынып, қару ұстауға рұқсат алуға тиіс. Оның хабарлауынша, аталған заң жобасы таяу күндері Ирақ парламентінің мақұлдауына жолданады.
XS
SM
MD
LG