Испания соты 2004-інші жылы Мадрид поездарындағы жарылыстарға байланысты айып тағылған 28 азаматтың 21-ін айыпты деп тапты. Айыпталушылардың жетеуі ақталды. Ал үшеуіне Испания заңы бойынша ең ұзақ түрме жазасы берілді, яғни олар 40 жылға дейін түрмеге жабылды. Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы қаланың сыртына қатынайтын 4 поезда болған жарылыстан 191 жолаушы қаза тауып, 2 мыңдай адам жараланған болатын. Прокуратураның мәлімдеуінше, ұсталғандардың барлығы да “Әл-Қаида” тобының демеуімен Испанияға орныққан ислам экстремистері болып табылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты