Accessibility links

«Азаттық» радиосының тілшісі Бағдатта тұтқыннан босатылды


«Азаттық» радиосы Ирақ бөлімінің жергілікті тілшісі, 29 жасар Жұмана әл-Обайдиді осыдан 2 апта бұрын, қазанның 22-де, белгісіз біреулер оның көлігінен ұстап алып кеткен болатын. Оның жүргізушісінің кейінірек мәйіті табылған еді. «Азаттық» радиосының президенті Жеф Гедмин өз сөзінде “Жұмана сияқты журналистер өз өмірлерін күнде қатерге тігіп жүр” дей келіп, оларды “өз ісіне берілген журналистер, батыр адамдар және Ирақ патриоттары”, деді. «Азаттық» президенті сонымен бірге осы істе көмек көрсеткен Бағдат ресмилеріне, Журналистерді қорғау ұйымы және Шекарасыз репортерлер ұйымдарына алғысын білдірді.
XS
SM
MD
LG