Accessibility links

Грузия билігі оппозиция лидерінің ізіне түсеміз деп ескертті


Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Иракли Окруашвили президент Михаил Саакашвилиді жемқорлықпен айналысты деп айыптаған соң елдің билік орындары халықаралық дәрежеде Окруашвилидің ізіне түсеміз деп ескертті. Ал Тбилисиде наразылық танытушылар 5-ші күн қатарынан шеруге шығып, президенттің қызметінен кетуін талап етуде. Оппозиция мүшелері Саакашвилидің үкіметін жемқорлықта айыптады. Саакашвили оппозицияның президенттік және парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы талабын және үкіметке қатысты айтқан айыптауларын жоққа шығарды. Хабарларға қарағанда, Грузия астанасында оппозицияның төрт белсендісі аштық акциясын бастады.
XS
SM
MD
LG