Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузия үкіметіне қайырылып, осыдан бес күн бұрын еңгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастауға шақырды. Ұйымның арнайы елшісі Джосеп Борелл Фонтеллес Тбилисиде екі күн жалғасқан сапарынан соң мәлімдеме жасап, мерзімінен бұрын 5 қаңтарда болатын президент сайлауын еркін және әділ өткізу мақсатында барлық шартты қамтуға шақырды, баспасөз еркіндігін тұтастай қамту керек деді. Тбилисиге АҚШ сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі Метью Брайза де келді, ол да ел үкіметін төтенше жағдай тәртібін алып тастауға көндірмек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?