Бір аптаға созылған митингтерден соң президент Михаил Саакашвили сайлау мерзімінен бұрын, 5 қаңтарда өтеді деп бұйырды, өзі де сайлауға қайта түспек. Алайда, оппозиция оған қарсы ортақ кандидат шығара алмай жатыр. Наразылық шараларын бастаған коалиция кандидат ретінде парламент депутаты Леван Гачешиладзені ұсынды. Дегенмен, Еңбек партиясы коалициядан бөлініп шығып, кандидат ретінде өз төрағасы Шалва Нателашвилиді ұсынды. Кәсіпкер Бадри Патаркацишвили де президент сайлауына түсемін деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV