Accessibility links

Албандық бұрынғы партизандар жетекшісі Косово сайлауларындғы жеңісін хабарлады


Косовоны Азат ету армиясының бұрынғы басшысы албандық Хашим Тачи Косоводағы парламент сайлауларындағы өз партиясының жеңіске жеткенін хабарлап отыр. Тачи бұл мәлімдемесін сенбі күнгі сайлауларда өзінің Демократиялық партиясы 35 процент дауыс жинады деген бейресми мәліметтерден соң жасап отыр. Тачи егер өзі премьер министр болса, желтоқсанның 10-да, Косовоның Сербиядан тәуелсіздігін жариялайтынын айтқан. Бұл күні Косовоның келешек мәртебесін анықтау жөніндегі келіссөздер туралы халықаралық арағайыншы елдер БҰҰ-ында есеп беруі тиіс.
XS
SM
MD
LG