Accessibility links

Түркия мен Грекия жетекшілері Каспийден Еуропа Одағына өтетін жаңа газ құбырын ашты


Түркия мен Грекия премьер министрлері өз елдерінің шекарасында кездесіп, жаңа газ құбырының ашылуына қатысты. Режеп Тайып Ердоған мен Костас Караманлис Ресей мен Таяу Шығысты айналып Каспий аймағынан Еуропа Одағына газ тасымалдайтын 300 шақырымдық жаңа газ құбырының тұсауын кесті. Бұл құбыр қазір Түркиядан Грекияға дейін болады, келешектегі жоспар бойынша ол құбыр жолын созып, газ тасымалын Әзірбайжаннан Италияға және қалған Батыс Еуропаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG