Сербияның Косово аймағындағы бақылаушылар сенбі күнгі сайлауда албандық бұрынғы соғысушылар жетекшісі Хашим Тачидің Демократиялық партиясының жеңіске жеткенін растады. Соңғы хабарларға қарағанда, Тачидің партиясы 34 пайыз дауысқа қол жеткізген, ал Косовоның Демократиялық лигасы 22 пайыз дауыс жинап екінші орынды иеленген. Тачи егер өзі премьер-министр болса, желтоқсанның 10-нан кейін Косовоның Сербиядан тәуелсіздігін жариялайтынын айтқан. Бұл күні Косовоның болашақ мәртебесін анықтау жөніндегі келіссөздер туралы халықаралық арағайыншы елдер БҰҰ-ында есеп беруі тиіс.