Украинаның Донецк қаласындағы көмір шахтасында орын алған жарылыстан 63 кенші қаза тауып, 37 адам табылмай жатыр. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады. Украина премьер-министрі Виктор Янукович апат болған жерге ұшып кетті. Ресмилердің айтуынша, 27 кенші ауруханаға жеткізілген. Бұл оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды деп хабарланып отыр. Енді Донецк аймағында аза тұту күндері жарияланды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV