Accessibility links

Қазақстанда тұрғындарға арзан компьютер сату жобасы басталды


Қазақстанда қалауы бар әр адам арзан бағамен 50 мың теңгеге компьютер сатып ала алады. Бұл туралы жоба үйлестірушісі Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Компьютердің сыртында 10 сағат бойы интернет желісін тегін пайдалану құқы беріледі. Ал сыншылар болса жергілікті тұрғындардың компьютерлік білімі жоқ, ал интернет тарифтері қымбат деген пікірде.

«Ашық әлем» деп аталатын тұңғыш жоба басталды, дейді Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы Жанар Жүкенова. Бұл жоба ақпараттық теңсіздікті азайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен бірге жүргізіледі. Мақсат тұрғындарды ақапараттық технологиялармен және интернет желісімен мейлінше қамту деп хабарланады.

Агенттікпен ақпаратттық технологиялар компанияларының қауымдастығы арасында хартия жасалып тұрғындарға компьютерлер жеңілдікпен сатылады, дейді «Қазақтелеком» компаниясының президенті Асқар Жұмағалиев:

- Мына компьютерлік сатып алу сертификаттарын алғананнан кейін біздің халқымыз мына компаниялар жеңілдікпен несиелендіру, жеңілдікпен комьютерлер береді. Қазір біз банктермен, компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз.

Компьютерге қазірден бастап тапсырыс беруге болады. Арзан компьютерлер Қазақстанда жиналады. Жылдың соңына дейін бұл компьютерлерді Астана, Алматы қалаларында және Ақмола мен Алматы облыстарының «Қазпошта» бөлімдері арқылы сату жоспарланып отыр. Компьютерлерді қолма қол ақшағада несиегеде алуға балады. Жабдық үйіңізге 16 күн ішінде жеткізіледі. Ресми ақпарат бойынша бұл компьютерлер «MS Vista» бағдарламасының лицензиялық нұсқасымен және ең аз көлемдегі кеңседегі күнделікті мақсаттарды шешуге болатын «Microsoft Works» кеңселік пакетімен қамтамасыз етіледі. Бірақ, кәсіпкер Айдос Үкібаев жабдықтың сыртында тұрғындарға білім қажет дейді:

- Өйткені, жергілікті ауылдық жерлерде шалғай елді мекендерде ауылдың халқы қарапайым компьютерлік білімдері жоқ. Компьютердің не екенін білмейді. Ол үшін бүкіл тұрғындарды сауаттандыру керек, компьютерлік білім беру керек. Оған қаншама көп уақыт кетеді. Өйткені қазірдің өзінде әлі компьютер жетпеген ауылдар бар.

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік басшылығы болса қазақстандықтардың тек 5 пайызы компьютермен жұмыс істей алатындығын мойындады. Агенттік төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша Қазақстан ауылдарының 88 пайызының мектептерінде компьютерлік сыныптар бар. Және тағы пункттер ашылады. Сондықтан болашақта ауылдардада ешқандай қиыншылық болмайды, дейді ол:

- Ауылдарда қоғамдық пункттер болады. Адам соның ішіне кіріп түгел қызметтерді алады. Олар әкімшіліктерде вокзалдарда далалада тұрады. Қазір біз әкімшіліктермен жұмыс істеп, сол пункттерді қоямыз.

Жоба авторларының айтуынша компьютердің сыртында шағын карта арқылы 10 сағат бойы интернет желісін тегін пайдалану құқы беріледі.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің өкілі Данияр Қадыровтың айтуынша, Қазақстан үкіметі орталықтар ашып тұрғындарды интернет желісін пайдалануды үйретеді:

- Республика бойынша 26 әлеуметтік көмек көрсететін орталық бар. Ол жалғыз ғана интернет емес, интернетпен қалай жұмыс жасау қажеттігін үйрететін сабақтар.

Кәсіпкер Айдос Үкібаев бұл жұмыстың жүзеге асырылатындығына күмән келтіріп отыр, өйткені Қазақстанда әліде интернет тарифтері тым қымбат, дейді ол:

- Тарифтерде бұғанда көп адамның қолы жете бермейді дегенге сенімдімін. Өйткені қазірдің өзінде әлі қымбат деген пікір бар. Жалпы интернетке қол жетіміді еместе.

«Қазақтелеком» компаниясы Интернетке шығатын арналардың өткізу мүмкіндігін арттырды. Компания мамандары, мұндай шешімді интернет қызметін пайдалануға ниет білдірген адамдар санының артуына байланысты қабылдадық, дейді. Бірақ, кейбір сарапшылардың пікірінше, «Қазақтелеком» Қазақстандағы ең ірі интернет-провайдер болып табылады. Сондықтан, бағалар қымбат. Ал «Қазақтелеком» президенті Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, бұл тариф біртіндеп арзандап келе жатыр және болашақта тағыда төмендейді.

Ресми ақпарат бойынша Қазақстанның интернет кеңістігінде әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттар тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта.
XS
SM
MD
LG