Бастапқы ресми нәтижелерге қарағанда, Сербияның Косово аймағында сенбі күнгі сайлауда албандық бұрынғы соғысушылар жетекшісі Хашим Тачидің Демократиялық партиясы жеңіске жеткен. Соңғы хабарларға қарағанда, Тачидің партиясы 36 пайыз дауыс жинаған. Хашим Тачи Косово парламенті желтоқсанның 10-нан кейін өз тәуелсіздігін жарияламақшы деп хабарлады. Бұл күні Косовоның болашақ мәртебесін анықтау жөніндегі келіссөздер туралы халықаралық арағайыншы елдер БҰҰ-ында есеп беруі тиіс. Еуроодақ елдері Косовоны біржақты асығыс қадам жасамауға шақырды.