Accessibility links

Брюссельде Косово келешегі туралы келіссөздері болды


Бүгін Сербия мен Косово өлкесі албандарының делегациялары Брюссельде Косовоның құқықтық мәртебесі бойынша екі жақты келіссөзін қайта жалғастырды. Дипломаттардың мәлімдеуінше, Еуропа Одағы мен Ресей және Америка Құрама Штаттары өкілдерінің дәнекер болуымен өтетін бұл келіссөз еш нәтиже бермейді және соның салдарынан Косово өлкесі өз бетінше тәуелсіздігін жариялауы әбден мүмкін. Оның қарсаңында Еуропа Одағы осы келіссөз 10-ыншы желтоқсанға дейін нәтиже бермеген күннің өзінде де, Косово халқының басым көпшілігін құрайтын албандарды тәуелсіздігін бір жақты жарияламауға шақырды.

Еуропа Одағы желтоқсанның 10-да халықаралық арағайыншы елдердің Косово мәртебесі бойынша келіссөздері аяқталғанда, Косовоның біржақты тәуелсіздігін жариялау мүмкіндігіне дайындалып жатыр.

Бүгін Брюссельде кездесіп жатқан дипломаттардың айтуынша, Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Сербия мен оның жікшіл аймағы қазірде БҰҰ-ның әкімшілігіндегі Косово провинциясы арасында келіссөз жасалмайды дегенмен бетпе-бет келіп отыр. Бүгінде Еуропа Одағының төрағалығын алып отырған Португалияның сыртқы істер министрі Луиз Амадо:

«Біз соңғы сәтке дейін Еуропа Одағының Косово мәртебесі бойынша халықаралық үштіктегі арнайы өкілі Вольфанг Ишингермен келісімге келу үшін жұмыс жасауға тырысамыз. Өйткені, келісілген келісім бұл күрделі процестегі сөзсіз тұрақтылық факторы болуы мүмкін. Егер олай мүмкін болмаса, біз осында боламыз, әлем тоқтамайды және біз шешім жасауымыз қажет болады. Бізге бұл жағдайды бағалау қажет», - дейді.

Еуро Одақ ресмилерінің айтуынша, бүгін Ишингер министрлерге бұл Косово мен Сербия арасындағы байланыстарды қалпына келтірудің барлық мүмкін жолдары нәтижесіз аяқталды деген. Дүйсенбі күні сайлауда жеңіске жеткен Косовоның премьер министрі Хашим Тачи желтоқсаның 10-нан кейін Косово Сербиядан өз тәуелсіздігін жариялайтын болады деген. Сербия ондай қадамды қабылдамайтындығын айтты.

Бұл процесті бақылаушы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бұл тұрғыда екіге жарылып, Ресей Косовоның егемендігіне әкелетін әрекеттерге вето қоятынын айтып келеді. Косоволық және сербиялық келіссөзшілер 10-шы желтоқсанға дейін екі рет кездесуі жоспарланған. Оның бірі осы Брюсселдегі кездесу болса, екінші рет қараша айының соңында Венада кездесуі тиіс.

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері өздерінің қоғамдық мәлімдемелерінде, Косовоны асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт Приштинаға Еуропа Одағы мен НАТО-ның қолдауы әлі де қажет болады деген.

“Косово іс жүзінде онсызда Сербиядан тәуелсіз. Мен Косово халықаралық қауымдастықтан тәуеосіз болғысы келеді деп ойламаймын. Олар қорғауды, НАТО мен қорғалғанды қалайды. Олар Еуропа Одағының әрбір жолымен қолдағанын дұрыс көреді. Мен ол өздерін халықаралық қауымдастықтан тәуелсіз ету керек деп ойламаймын. Егер мен оған бір тапсырма бере алсам, олшынайы түрде Косовоны біріктіру”.

Бірақ, Еуро Одақ ресмилері бейресми жағдайда, өздерінің негізінде Еуропа Одағының Косово жетекшілігі туралы ешқандай тетігі жоқ екенін біледі. Косово 2003 жылы-ақ, барлық Балқан елдері одаққа қосыла алады деген саммит шешімімен Еуропа Одағына мүшелікке кепілдік алған.

Приштина Құрама Штаттардың Косово тәуелсіздігін мойындайтыны туралы айтып, Еуро Одақтың елдері оның соңынан еруі мүмкін болған соң өздеріне үлкен кедергі алынғандай сезінеді. Бұл мәселеде Еуропа Одағының бірлігіне қауіп төнеді. Одаққа мүше елдер Испания, Словакия және Греция бір жақты тәуелсіздікке қарсы болып, ол Косовоның қауіпті жағдай жасауына әкеледі деп қауіптенеді. Сонымен қатар, бұл мәселеде одақ елдері егер Балқанда болып жатқан жағдайлар бақылаудан шығып кетсе, этника аралық қақтығысқа әкеледі деген үрей де бар.

1990 жылдардың басында Еуропа Одағы аймақтың соғысқа баруына кедергі жасай алмай, Құрама Штаттар мен НАТО-дан көмек сұрап, қайрылған.
XS
SM
MD
LG