Accessibility links

БҰҰ комитеті Иранда адам құқықтарының бұзылып жатқанына алаңдаушылық білдірген қарарды мақұлдады


БҰҰ комитеті Иранда адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерге байланысты жүйелі түрде орын алып жатқан заңбұзушылықтарға алаңдаушылық танытқан қарарды мақұлдады. Бұл мәселе жөнінде Бас Ассамблеяның адам хұқтары жөніндегі комитетінде дауыс берілді. Міндетті емес қарарда Ирандағы расталған қинап-азаптау, жазалау және адамгершілікке жатпайтын іс-қимылдарға байланысты қатты алаңдаушылық білдірілген. Канада мен Еуропа Одағы және АҚШ тарапынан әзірленген бұл қарар енді бүкіл Бас Ассамблеяның отырысына дауысқа жіберіледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG