Бүгін таңертең Палестина Автономиясының басшысы Махмуд Аббас алдағы аптада өтетін халықаралық Таяу шығыс конференциясына қатысу үшін Құрама Штаттарға келді. Бүгін сондай-ақ, Аннаполиске келетін Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт пен Махмуд Аббас сейсенбі күні өтетін жиынның басты қонақтары болып отыр. Бұл арада Израйл әскері Газа қаласында қарулы екі палестиндікті атып өлтірді. Оның біреуі Исламшыл Жихад ұйымының мүшесі, екіншісі халықтық қарсылық комитетінің мүшесі делініп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр