Accessibility links

Германия ресмилері Грузияның бұрынғы Қорғаныс минситрін тұтқындады


Иракли Окурашвилиді тұтқындауды ресми Тбилиси Интерпол арқылы сұраған екен. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Берлин Прокуратура кеңсесі өкілі Берлин қонақ үйінде Окурашвилидің тұтқындалғандығын айтты. Енді Грузия билігі өз дәлелдерін ұсынуы тиіс, дейді өкіл. Президент Михайл Саакашвилиді қатты сынға алған Окурашвили Грузияда қыркүйек айында тұтқындалып, кепілдікке босатылған еді. Бұрынғы Қорғаныс министрі жемқорлық, қызметін артық пайдалану, арам ақшаны жуу істерінде айыпталуда.
XS
SM
MD
LG