Accessibility links

Ресейдегі парламент сайлауында президент Путин бастаған билік партиясы басым дауысқа ие болды


Желтоқсанның 2-сі күні Мемлекеттік Думаға, яғни парламенттік сайлаулар барысында кремлшіл Біртұтас Ресей партиясы басым жеңіске жетті. Сонымен Ресей бір партиялық жүйеге бет алды ма?

Желтоқсанның 2-сі күні болған Ресей парламенттік сайлауларында берілген дауыстың 98 пайызын есептеген кезде, бас үміткері президент Владимир Путин болып табылатын, Біртұтас Ресей партиясы 64,1 пайыз, ал Коммунистер 11,6 пайыз дауысқа ие болды. Кремлшіл басқа 2 партия, атап айтқанда Либерал демократиялық партия 8,2, ал Әділетті Ресей партиясы 7,6 пайыз дауысқа ие болды. Қалған партиялар 7 пайыздық межеден аса алған жоқ. Батысшыл бағыттағы либерал партияларға ешқандай орын берілмеді. Сайлаушылардың қатысу белсенділігі 63 пайызды құрады.

Сайлау нәтижесінде Мемлекеттік Думадағы 450 орынның 306-сы Біртұтас Ресейге берілмекші. Конституциялық өзгерістерге қол жеткізу үшін 301- дауыс қажет болады. Коллиективті түрде Кремльшіл партиялар 393 орынды иеленбекші.

Наурыздағы президенттік сайлаудан кейін жаңа президент қызметке кіріспек. Алайда, қазір елдің негізгі билігін Путин қолында қалдыру көзделуде. Кремль сарапшыларының ұсынысы бойынша, Путин елдің жаңа билік күшіне ие үкімет басшысы болуы мүмкін. Президент болса жай ғана салтанатты рәсімдер рөлін атқармақшы. Бұл нұсқаны алайда Путин жоққа шығарды.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, билік тұтқасы Путиннің басшылығындағы Біртұтас Ресей партиясына беріліп, ол елді Совет кезіндегідей билейтін болады. Бұл сценарий бойынша, президент пен үкімет басшысы аталған партия нұсқауымен жұмыс істейтін болады.

“Бұл қазір басқа ел екендігінде күман жоқ. Біз Совет одағына қайта оралдық. Парламентте немесе келесі президентте емес, билік Біртұтас Ресей партиясында болады”, - деді Ресей біріккен күштері оппозициялық партиясы басшысы Борис Надеждин.

Еуропа одағының айтуынша, сайлау қарсаңы барысында сөз еркіндігі сақталмады. АҚШ болса бұрмалаушылықтар негізін зерттеуге Ресейді шақырды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ресей басшылығы тарапынан кедергілерге байланысты бұл сайлауға бақылаушыларын жібермеді. Осы ұйымның Парламент ассамблеясы және Еуропа кеңесінің делегациясы сайлауды бақылаған болатын. Олардың айтуынша, бұл сайлау әділетті болмаған және демократиялық сайлаулар қалыптары мен талаптарына сай емес.

Көптеген мұғалімдер мен дәрігерлер өз басшыларының қалай дауыс беру жөнінде бұйрық бергендеріне шағымданды. Біртұтас Ресей партиясы үшін дауыс берулері үшін біраз сайлаушыларға ақша төленгендігі жөнінде де айтылуда.
XS
SM
MD
LG