Accessibility links

Дж.Буш өзі “зұлым елдердің” қатарына жатқызған Солтүстік Кореяға хат жолдады


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буштың өзі коммунистік Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ирді елдің ядролық бағдарламасын толық ашып беру жөніндегі міндеттемесін дер кезінде орындауға шақырды. Ақ үйдің ресми өкілі хабарлағандай, 1-інші желтоқсан күні Дж.Буш Ким Чен Ирге хат жолдап, Солтүстік Кореяның ядролық реакторын жабудың “асқан маңыздылығын” атап көрсетті. Дж.Буш Солтүстік Корея лидерімен тікелей байланысудан жалтарды. 2002-нші жылы сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Солтүстік Кореяны Иранмен, Ирақпен қатар “зұлым елдердің” қатарына жатқызған болатын.
XS
SM
MD
LG