ТБИЛИСИ: Кеше Грузияның Орталық сайлау комиссиясы М.Саакашвилиді 5-інші қаңтарда өтетін президент сайлауына үміткер ретінде тіркеді. М.Саакашвилидің сайлауалды штабы Комиссияға оның сайлауға түсуін қолдаған 205 мың адамның қолтаңбасын тапсырды. Заң бойынша 50 мың жетеді. Президент сайлауына 12 үміткер түсуі мүмкін. Олар 11-інші желтоқсанға дейін тіркелуге тиіс. Кеше, сонымен қатар, оппозицияның ереуілі қуып таратылған 7-нші қараша күні жабылған “Имеди” радиосы хабар бере бастады. Алайда техникалық ақаулықтың салдарынан радиохабар тек Тбилисиде ғана естіледі. Кеңсесінде Интернет жоқ, телефон үзілген. Жаңалықтар бағдарламасы әуеге таяу күндері шыға бастайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV