Accessibility links

Ю.Тимошенко – екінші рет Украина үкіметінің төрайымы болып тағайындалды


КИЕВ: Кеше Украина президенті Виктор Ющенко Юлия Тимошенконы премьер-министр етіп тағайындады. Президенттің баспасөз-қызметі хабарлағандай, В.Ющенко 2004-інші жылғы “қызғылт-сары төңкерісінде” өзінің жақын үзеңгілесі әрі премьер-министр болған Ю.Тимошенконың тағы да үкімет басына тағайындалуын мақұлдау үшін Жоғарға Радаға жолдады. Ю.Тимошенко – президентті қолдайтын “Наша Украина-Народная Самоборона” блогі мен Ю.Тимошенко блогінің парламент коалициясын құру туралы өткен аптадағы келісіміне сәйкес тағайындалып отыр.
XS
SM
MD
LG