«Время» басылымы сенбілік санында «Рахатгейт» ісіне қатысушылардың бірі, қазір қамау отырған Алматы қаржы полициясының тергеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Бауыржан Әубәкіровтың зайыбы Бақытгүлдің Алматы қалалық прокуратурасының прокуроры Сәуле Көпжановаға жазған хатын жариялапты. Бақытгүл Әубәкірова осы хаты арқылы прокурор Копжанованың ақпарат құралдарына берген сұхбатына ренішін білдіріпті. «Ақпарат құралдары арқылы маған өте жақын адамның атына шындыққа сәйкеспейтін сөздер айтылып жатыр, ал ол болса түрмеде отырғандықтан бұған лайықты жауап бере алмайды, - деген Бақытгүл Әубәкірова күйеуінің тек заңды қорғағанын айтып, - барлық адамның телекамера алдында тұрып сұхбат беруіне мүмкіндігі бола бермейтіндіктен осы хатты жазуға мәжбүр болып отырмын», дейді.
Сондай-ақ басылым сенбілік санында «Рахатгейт» ісі бойынша сот процесінде клиенттердің банктегі депазиторий ұяшықтарына салған құнды заттары мен ақшаларының жоғалуына байланысты куәгер ретінде жауап берген банктің бұрынғы басшысы Гүлмира Жұмаділлаеваның клиенттердің банктегі құнды заттары мен ақшаларының жоғалуынан хабарсыз болып, жағдайды кездейсоқ білгендігін жазыпты. Бұдан кейін сот «Әсем» сауда орталығы бойынша эпизодтарды қарауға көшкен. Сот процесінде 2007 жылдың ақпан айының ішінде Рахат Әлиев жоғалып кеткен Айбар Хасенов құрылтайшысы болған «Әсем» сауда орталығын лайықты біреудің атына қайта рәсімдеу туралы Құрман Әкімқұловпен кеңескендігі белгілі болған. Құрман Әкімқұлов оған «Номад» бизнес орталығын басқарған Виталий Пискуновты ұсынады. «Виталий Пискунов екі ай «Әсем» сауда орталығын басқарғандығын сотта мойындады», - деп жазады «Время» басылымы.
«Айқын» басылымы бұл күнгі санында Қазақстанда экологиялық салық енгізілетіндігін хабарлапты. Бұл туралы Қазақстан президенті мен шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-інші отырысында белгілі болғандығын жазған автор, Қазақстандағы барлық кәсіпорындар жыл сайын ауаға 3 млн. тонна өнеркәсіптік қалдық лақтыратындығын айтыпты. Қоршаған ортаны қорғау миинстрлігінің деректеріне жүгінген басылым: «Дәл қазіргі уақытта қазақ жерінде кәсіпорындар төккен 10 млрд. тоннаға жуық қалдық қордаланған және ол жыл сайын 400 миллион тоннаға ұлғайып отыратындығын ескерген президент үкіметке экологиялық салықты енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүктеді» - деп жазады. Сондай-ақ, басылым Қазақстан президенті 2012 жылы Астанада үшінші жер саммитін өткізуді ұсынғанын да хабарлапты.
«Экспресс К» басылымы болса денсаулық саласына назар аударып, Қазақстанда дәл қазіргі уақытта 15 мың әйелдің сүт безі және жатыр мойнындағы қатерлі ісік ауруымен есепте тұрғандығын жазыпты. «Қазақстанда жыл сайын бұл аурумен ауыратындар саны 4 мың әйелге көбейіп, оның тең жартысы осы дерттен көз жұмады» деп жазады «Экспресс К» газеті.