Accessibility links

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин өз ізбасары ретінде қазіргі үкімет басшысының бірінші орынбасары Дмитрий Медведевке қолдауын білдірді


Біртұтас Ресей және тағы 3 саяси партиялар Медведевті үміткер ретінде ұсынып отыр. Бұл жөнінде Ресей ақпарат агенттіктері хабарлап отыр.

“Мен оны 17 жылдан астам уақыттан бері білемін. Осы жылдар ішінде біз тығыз байланыста жұмыс істедік. Мен бұл ұсынысты толығымен қолдаймын”, - деді Путин.

Медведев 2005-ші жылдан Кремль әкімшілігінің басшысы болған еді. Ол сондай-ақ мемлекет меншігіндегі Газпромның төрағасы.
XS
SM
MD
LG