Accessibility links

Серікжан есімді студент жастың бүгінгі таңда Қазақстанда теледидардан берілетін хабарларға байланысты пікірі:


-Мені толғандырып жүрген мәселе – теледидардан, бала-шағасымен немесе өзі жалғыз болсын, көріп жатқан халыққа қандай дүниелер беріліп жатқанын соны көрсетіп отырғандар сезе ме, әлде сезбей ме, әйтеуір небір нәрселер көрсетіліп жатады. Соны, мысалы, іні-қарындастарым менімен бірге көріп отыра береді, тыйып айтпағаныңша. Бала деген ақ қағаз сияқты – не жазсаң соны түсіре береді ғой, әлгілерді көріп жас балалардың санасы уланып жатыр. Сонымен қоса, біздің бұқаралық ақпарат құралдарымызда ұлттық нышандарды көрсететін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын арналар кемде кем. Олардың өздері де сол шетелдік нәрселерді көрсетеді. Мысалы, жарнаманың өзін қарап отыратын болсақ, ұятты нәрселерді, ешқандай шек жоқ, нешетүрліні көрсетіп жатыр. Қарап отыратын болсаң, бір жанұяға тағы бір еркектің қосылуы, сол еркектің ерлі-зайыпты екеуінің арасына от салып ушықтыруы, я болмаса біреуге біреудің атынан кір келтіріп, бір қызметінен алдырып жатуы, қарап отыратын болсақ, осының барлығы көрерменді сондайға насихаттап-тәрбиелеп жатқан сияқты әсер қалдырады.

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жаңалықтар, ойындар болсын жасап шығаруымыз керек. Біздің «Қазақстан» ұлттық телеарнасында бір кезде болған еді, бірақ оның барлығы, өкінішке орай, жойылды. Қазір ауылға барған сайын ата-әжелерім: «ұлттық телеарнада баяғыда біз көріп жүрген нәрселердің барлығы жоқ, соны қайтадан қолға ала ма, алмай ма – осы жағын бізге анықтап біліп берші, сен журналист мамансың ғой» деп маған айтып отырады.
XS
SM
MD
LG