МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путиннің билік басындағы болашақ “мұрагері” аталған Д.Медведев келесі жылы өтетін президент сайлауына шет елдерден айтылатын ешбір сынға құлақ аспайтынын мәлімдеді. Бүгін ол президент сайлауына билік басындағы “Единая Россия” партиясынан түсетін үміткер ретінде тіркелу құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Өткен аптада В.Путин егер келесі жылы Д.Медведев президент болып сайланатын болса, онда Ресейдің жаңа премьер-министрі болуға келісетінін мәлімдеген болатын. Бүгін Орталық сайлау комиссиясына оппозициядағы “Оңшыл күштердің одағы” блогынан Б.Немцов та құжат тапсырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес