Accessibility links

Өзбекстандағы президент сайлауының алдында билікке қарсы адамдар жоғалуда


ТАШКЕНТ: Белгілі өзбек ақыны әрі ресми биліктің өткір сыншысы Юсуф Жұманы қауіпсіздік қызметінің өкілдері кісендеп алып кетті. Ақынның туған ұлы Әлішер Жұма осылай деп мәлімдейді. Оның айтуынша, көшедегі қарапайым кісілердей киінген агенттер Ташкентте әкесі мен бауырын күштеп автокөлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кетті. Осыдан бірнеше апта бұрын Бұхара қаласында Ю.Жұма мен ұлдары президент И.Кәрімовтің, конституция нормасын аяққа таптап, үшінші рет сайлауға түсуіне қарсы наразылық ереуілін өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG