БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан үкіметі өткен аптадағы парламент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы жұма күні наразылыққа шыққан саяси оппозицияның 30-ға жуық мүшесін босатты. Бішкек қаласындағы наразылық ереуілін - сайлауда 8 пайыздан астам дауыс жинап, президент Қ.Бәкиевтің “Ақ жол” партиясынан кейін екінші орын алуына қарамастан парламентке өте алмаған оппозициялық “Ата-мекен” партиясы ұйымдастырды. Орталық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, “Ата-мекен” Ош қаласында жартыпайыздық аймақтық межені өте алмады. Батыс елдерінің бақылаушылары Қырғызстандағы парламент сайлауын “демократия стандарттарына лайық емес” деп бағалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі