ИСЛАМАБАД: Пәкістанда мешітте кеше болған жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен 1 адам ұсталды. Сол жарылыстың салдарынан 50-ге жуық адам құрбан болып, 100-ге тарта кісі жараланды. Ресми биліктің хабарлауынша, ұсталған адам – тәліптермен жақын байланысы бар экстремистік ұйымның мүшесі көрінеді. Полиция қазір оның сыбайластарының ізіне түсті. БҰҰ-ы Пәкістандағы осы қастандыққа ащы наразылығын білдірді. Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун 8-інша қаңтарға белгіленген парламент сайлауын ойдағыдай өткізу үшін Пәкістанның барлық саяси күшін терроризмге қарсы бірлесіп төтеп беруге шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?