Accessibility links

Иранға уран шикізатын байыту бағдарламасын жүзеге асырудың қажеті жоқ


МӘСКЕУ: Ресей өзінің Ирандағы Бушер атом-электр стансасын ядролық отынмен қамтамасыз етуі Иранның уран шикізатын байыту бағдарламасын қажетсіз етеді деп санайды. Күнделікті шығатын “Время новостей” газетінде бүгін жарияланған сұхбатында Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров: “біздің білуімізше, Иранның уран шикізатын байыту бағдарламасын жалғастыра беруіне ешқандай экономикалық мұқтаждық қалмайды”, - деп мәлімдеді. Ал осы күні Иранның мемлекеттік радиосы Иранның қорғаныс министрі Мостафа Мохаммад Наджардың “Ресей Иранға зымыран соққысынан қорғанатын С-300 жүйесін беруге тиіс”, - деген сөзін келтірді. Министр ол жүйенің Иранға берілетін уақытын кешірек хабарлайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG