Accessibility links

Пәкістандағы парламенттік сайлаулар 8 қаңтардан 18 ақпанға қалдырылды


Сайлаудың кейінге шегерілуі елде жаппай орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты болды. Пәкістан Орталық сайлау комиссиясы 8 қаңтарға белгіленген парламенттік сайлаудың кейінге шегерілгендігі турасында бүгін хабарлады. Өткен аптада оппозиция жетекшісі, бұрынғы премьер-министр Беназир Бхутто қастандықпен өлтірілгеннен кейін елде белең алған толқулар мен наразылықтар барысында 58 адам құрбан болды. Бхуттоның Пәкістан халқы партиясы мен бұрынғы үкіметбасы Наваз Шарифтің оппозициялық партиясы парламенттік сайлаудың бұрынғы белгіленген уақытта өткізілуін қалайтындықтарын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG