Осындай шақыру жасаған Ауғанстандағы халықаралық күштер қолбасшысы, генерал Дан МкНейл мырза ол саудадан түскен қаржының қомақты бөлігі көтерілісшілердің қару сатып алуына жұмсалады, деді. Есірткіні жою ісінде өзі басқаратын халықаралық күштер жаттықпаған және олардың арнайы құрал-жабдықтары да жоқ, дей келіп, генерал МкНейл бұл істі Ауған үкіметі жүзеге асыруы тиіс, деді.